Пәтерді сатқаннан кейін бұрынғы иесі «Астанаэнергосбыт» ЖШС-мен шарттарды тез арада бұзғаны жөн
Себебі егер жаңа иеленуші өз атынан шарттарды жасамаса, осы мекенжай бойынша есептеу бұрынғы иесіне, жасалған шарт шеңберінде жүргізіледі. Ол біздің ағымдағы абонентіміз болып қала береді.
Осыған сәйкес, ұсынылатын қызметтер бойынша берешек пайда болған жағдайда, наразылық-талап қою жұмысы, атап айтқанда, нотариусқа берешекті өндіріп алу бойынша атқарушылық жазба шығару туралы өтініш және даусыз талаптар бойынша атқарушылық жазбасын шығару шығыстары «Астанаэнергосбыт» ЖШС-мен шарттық қатынаста болған меншік иесіне қатысты, яғни жасалған шарт шеңберінде жіберіледі. Сот тәртібімен берешекті өндіріп алған жағдайда атқарушылық жазбасын жасау бойынша шығыстар ескі меншік иесінен өндіріліп алынады, себебі жаңа иесі туралы мәліметтердің болмауына және ескі иесіне ресімделген жеке шоттың болуына байланысты «Астанаэнергосбыт» ЖШС бұл шығыстарды көтерген.
Жоғарыда көрсетілген талап Электр энергиясын пайдалану қағидаларының (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген) 9-тармағының 2-бөлігінде қарастырылған - объектінің иесі ауысқан жағдайда жаңа меншік иесі меншік құқығы тіркелген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде энергия беруші/энергиямен жабдықтаушы ұйымды меншік иесінің ауысуы туралы жазбаша нысанда хабардар етеді. Бұрынғы меншік иесі тұтынылған электр энергиясы үшін есепке алу құралдарының көрсеткіштері бойынша электрмен жабдықтау объектісінің иесі өзгерген күні түпкілікті есеп айырысуды жүргізеді.
Сатып алу-сату шартын жасасу коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындармен шарттардың автоматты түрде бұзылуына әкеп соқпайды. Тұтынушының өтініші шарттарды жасасу үшін де, бұзу үшін де қажет, себебі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 403-бабының 1-тармағына сәйкес шарт бұзылған кезде ғана тараптардың міндеттемелері тоқтатылады.