Коммуналдық қызметтердің түбіртегінде жылыту үшін төлемге шот келді. Жазда. Неге?
Түсіндірейік.
Сіздің үйіңізге берілетін жылу энергиясының көлемі үйге ортақ есепке алу құралдарымен белгіленеді. Бұл сіздің үйіңіздің қыста үй-жайларды жылыту және суды қыздыру үшін, ал жазда суды қыздыру үшін нақты алған және пайдаланған жылу мөлшері. Әрбір пәтер үшін ыстық суды тұтыну көлемдері жеке есепке алу құралдарының (пәтерлердегі есептегіштердің) көрсеткіштері негізінде немесе есепке алу құралдары жоқ тұтынушылар үшін тарифке сәйкес есептелетінін Сіз білесіз. Жылыту үйде пайдаланылған жалпы жылу энергиясы мен суды қыздыруға жұмсалған жылу энергиясы арасындағы айырмашылық бойынша тұрғын үй немесе тұрғын емес үй-жайлардың ауданына пропорционалды есептеледі.
Егер көп пәтерлі үйде тұратын тұтынушылардың бірі растайтын құжаттар негізінде тұтынылған жылу энергиясының көлемі бойынша мәліметтерді түзетуге өтінішпен «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ға жүгінсе, қайта есептеу (тұтынушыға сомасы қайтарылады) немесе толық есептеу (төлем үшін сомасы қойылады) жүргізіледі. Пәтердің ауданына түзетулер техникалық паспортпен, инженерлік желілердің болмауы – қарапайым өңдеу фактісі бойынша тексеру актісімен, ЫСЖ-ның есепке алу құралдары көрсеткіштерінің өзгеруі - ағымдағы көрсеткіштерді белгілеу үшін бақылаушыны шақыртумен расталуы мүмкін екенін атап өтеміз.
Сонымен, өтініштер негізінде бір немесе бірнеше пәтерде жылу энергиясын тұтынуға түзету жүргізілді. Осы өзгерістер есепке алынып, үйдегі барлық пәтерлердің/тұрғын емес үй-жайлардың (олардың ауданына пропорционалды) тұтынуының бұрын жүргізілген есептеулері де түзетіледі, себебі осы көп пәтерлі үйге берілетін жылу энергиясының жиын көлемі өзгеріссіз (үйге ортақ есепке алу құралдарымен белгіленген) қалады. Жылыту кезеңінің түзетулері «қайта есептеу» бағанындағы жылыту шотында көрсетіледі.
Есептеу «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Жылытуға төлемді есептеу сұрақтары бойынша толық түсініктеме алу үшін info@aesbyt.kz электрондық мекенжайға өтініш беруге немесе 8 (7172) 91-83-33 нөмірі бойынша біздің анықтамалық қызметке хабарласуға болады. Анықтамалық қызметтің жұмыс режимі: дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағ.09:00-ден бастап сағ.18:00-ге дейін.