Жылыту бойынша есептеулер туралы ақпарат
Құрметті тұтынушы!
«Астанаэнергосбыт» ЖШС жылытуға арналған жылу энергиясының құны бекітілген жылумен жабдықтау тарифіне, сыртқы ауаның орташа айлық температурасына және есептеудің есеп айырысу әдісіне (есепке алу құралынсыз немесе есепке алу құралы бойынша) байланысты екенін түсіндіреді.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығымен бекітілген Жылу энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес тұтынушы энергиямен жабдықтаушы ұйыммен жылу энергиясына:
- үйде есепке алу құралдары болған кезде – «Астана-Теплотранзит» АҚ энергия беруші ұйымымен коммерциялық есепке қабылданған есепке алу құралдарының көрсеткіштері бойынша (ҮОЕҚ бар халық үшін тариф - 3 557,60 теңге/Гкал);
- тұрғын үйлерде есепке алу құралдары болмаған немесе есепке алу құралдары уақытша жұмыс істемеген кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментімен бекітілген сыртқы ауаның нақты температурасына түзетілген жылытуға ақы төлеу мөлшерін негізге ала отырып есеп айырысады (ҮОЕҚ-сыз халық үшін тариф - 4 279,64 теңге/Гкал, тозған - 3 566,37 теңге/Гкал).
Тариф 2024 жылғы 1 сәуірден бастап «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» РММ-нің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 03-04/247--И бұйрығымен бекітілген.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК-ның Астана қаласының тұтынушыларына арналған метеорологиялық стансасы бойынша ұсынылған метеорологиялық ақпаратына сәйкес ауаның орташа температурасы мынаны құрайтынын назарға жеткізіп түсіндіреміз:
- 2024 жылдың қараша айына - 3,5°С
- 2024 жылдың желтоқсан айына - 8,8°С
Ай сайын «Астана EРЦ» ЖШС-ның бірыңғай төлем құжаттарында жылыту бойынша есептеудің есеп айырысу әдісі көрсетіледі:
- жылу энергиясын есепке алу құралы бойынша есептеу кезінде - «Саны» бағанында пәтердің жылытылатын алаңы есепке алынып есептелген, Гкал-дағы тұтынылған жылу энергиясының көлемі, ал «Құны» бағанында - 1 Гкал бекітілген құны көрсетілген;
- жылу энергиясын есепке алу құралынсыз есептеу кезінде - «Саны» бағанында пәтердің жылытылатын алаңы м2, ал «Құны» бағанында – 1м2 үшін жылыту ақысы көрсетіледі,
осыған сәйкес Сіздің жылу энергиясы бойынша есептеулерді қадағалау мүмкіндігіңіз бар және қажет болған жағдайда белгіленген тәртіпте энергиямен жабдықтаушы ұйымға уақтылы хабарласа аласыз.
Жылу энергиясын есептеу бойынша сұрақтарыңыз болған жағдайда 91-88-88 телефоны бойынша Байланыс орталығына немесе 91-83-33 телефоны бойынша Анықтама қызметіне хабарласуға болатынын Сіздің назарыңызға жеткіземіз.