Тарифтер
2025 жылғы 1 наурыздан бастап жылу энергиясы тарифтерінің өзгеруі
Құрметті тұтынушылар!
2025 жылғы 1 наурыздандан бастап жылу энергиясын жүзеге асырудың тарифтері өзгертілгенін Сіздің назарыңызға жеткіземіз.
Өзге тұтынушылар үшін
• жылу энергиясымен жабдықтау бойынша орташа тариф – 6 199,55 теңге/Гкал (ҚҚС есебінсіз)
жылу энергиясымен жабдықтау бойынша сараланған тарифтер:
• жылу энергиясын есептеу аспаптармен – 6 143,90 теңге/Гкал (ҚҚС есебінсіз);
• жылу энергиясын есептеу аспаптарсыз – 8 059,41 теңге/Гкал (ҚҚС есебінсіз);
• жылу энергиясын есептеудің үйге ортақ есептеу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық тұрғын үй-жайларында, барак типтегі үйлерде орналасқан – 6 199,55 теңге/Гкал (ҚҚС есебінсіз).
Бюджеттік ұйымдар үшін
• жылу энергиясымен жабдықтау бойынша орташа тариф – 7 027,00 теңге/Гкал (ҚҚС есебінсіз)
жылу энергиясымен жабдықтау бойынша сараланған тарифтер:
• жылу энергиясын есептеу аспаптармен – 6 925,43 теңге/Гкал (ҚҚС есебінсіз);
• жылу энергиясын есептеу аспаптарсыз – 10 540,50 теңге/Гкал (ҚҚС есебінсіз);
• жылу энергиясын есептеудің үйге ортақ есептеу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық тұрғын үй-жайларында, барак типтегі үйлерде орналасқан – 7 027,00 теңге/Гкал (ҚҚС есебінсіз).
Негіздеме: жылу энергиясына тарифті өзгерту туралы «Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана
қаласы бойынша департаменті» РММ-нің 2025 жылғы 19 ақпандағы №03-13/68-И шығ.
хаты.
Электр қуаты тарифінің 2024ж 1 желтоқсанынан бастап төмендеуі туралы
Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларының 13-тармағына сәйкес «Астанаэнергосбыт» ЖШС 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілуімен келісілген шекті бағадан аспайтын, оның ішінде, тұтынушылардың топтары бойынша (оның ішінде сараланған тұтынушылардың топтары бойынша) босату тарифін төмендету туралы хабардар етеді.
Электр энергиясының орташа босату тарифі:
- өзге тұтынушылар үшін – 24,67 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
- бюджеттік ұйымдар – 53,06 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
- әлеуметтік маңызы бар тауарларды өндіруді қамтамасыз ететін кәсіпорындар үшін 24,43 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз).