Тарифтер
Құрметті тұтынушылар!
Уәкілетті орган 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап бекітілген «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның электр энергиясын өткізуге тарифін қолданысқа енгізуді уақытша тоқтатқанын хабарлаймыз. Осыған байланысты ақпан айында тұтынылған электр энергиясына есептеу бұрынғы, яғни 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданыстағы тарифтер бойынша жүргізіледі.
Құрметті тұтынушылар!
Құрметті тұтынушылар!
2024 ЖЫЛҒЫ 1 АҚПАННАН БАСТАП ЕНГІЗУГЕ ЖОСПАРЛАҒАН ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ТАРИФТЕРІНЕ ЕСКЕРТПЕ:
БҰЛ ТАРИФТЕР ЕНГІЗІЛГЕН ЖОҚ. Бұл шешімді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті (уәкілетті орган) қабылдады. Осыған байланысты электр энергиясы қызметтеріне барлық есептеулер 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданыстағы электр энергиясының тарифтері негізінде жүргізілді. Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап электр энергиясының бағасы артқан жоқ.
Еске сала кетейік, бұрын уәкілетті орган 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап электр энергиясының тарифтеріне өзгерістерді бекіткен болатын. «Астанаэнергосбыт» ЖШС өз кезегінде бұл туралы тұтынушыларды хабардар етті.
Атап айтқанда, электр энергиясының келесі тарифтерін 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап енгізу жоспарланғаны хабарланды:
- заңды тұлғалар үшін – 38,52 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
- бюджеттік ұйымдар – 73,66 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
- әлеуметтік маңызы бар тауарларды өндіруді қамтамасыз ететін кәсіпорындар үшін – 29,28 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз).
Негіздеме: электр энергиясына тарифті өзгерту туралы «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» РММ-нің 2024 жылғы 31 қаңтардағы №03-14/92 шығ. өтініші.