Тарифтер
Электрмен жабдықтау шартын бұзу туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылу энергетикасы, электр энергетикасы және реттеліп көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 8 шілдедегі №121-VII Заңына (бұдан әрі - Заң) енгізілген өзгерістерге сәйкес «Астанаэнергосбыт» ЖШС 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап электрмен жабдықтау қызметін тоқтатады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы «Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптары нормаларының шеңберінде «Астанаэнергосбыт» ЖШС 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап электрмен жабдықтау шартын бұзу туралы Сізді хабардар етеді.
Жоғарыда көрсетілген Қағидалардың 17-тармағына сәйкес электрмен жабдықтауды үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында Сізге белгіленген мерзімге дейін «Астана – Аймақтық электр желілері компаниясы» АҚ-пен электрмен жабдықтау шартын (немесе электрмен жабдықтаудың бұрыңғы шарты бойынша құқықтар мен міндеттердің өтуі туралы келісім) жасасуды ұсынамыз.
Құрметті тұтынушылар!
Заңды тұлғаларға электр энергиясын өткізу көлемінің ұлғаюына байланысты «Астанаэнергосбыт» ЖШС заңды тұлғалар («мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатындар» тобына кірмейтіндер) үшін электр энергиясы тарифінің 2024 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілуімен ҚҚС-ты есепке алуынсыз 1 кВтсағ үшін 38,35 теңгеден 1 кВтсағ үшін 31,45 теңгеге дейін төмендеуі туралы хабардар етеді.