Тарифтер
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жылу энергиясын жүзеге асырудың шекті деңгейінің тарифтері өзгеруі туралы
Құрметті тұтынушылар!
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жылу энергиясын жүзеге асырудың шекті деңгейінің тарифтері өзгертілгенін Сіздің назарыңызға жеткіземіз.
Жеке тұлғалар үшін
- жылу энергиясымен жабдықтау бойынша орташа тариф – 3 939,67 теңге/Гкал (ҚҚС есебімен)
жылу энергиясымен жабдықтау бойынша сараланған тарифтер:
- жылу энергиясын есептеу аспаптармен – 3 929,99 теңге/Гкал (ҚҚС есебімен);
- жылу энергиясын есептеу аспаптарсыз – 4 727,60 теңге/Гкал (ҚҚС есебімен);
- жылу энергиясын есептеудің үйге ортақ есептеу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық тұрғын үй-жайларында, барак типтегі үйлерде орналасқан – 3 939,67 теңге/Гкал (ҚҚС есебімен).
Негіздеме: ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Астана қаласы бойынша ТМРКД 23.12.2024 жылғы № 107-НҚ бұйрығы.
Электрмен жабдықтау шартын бұзу туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылу энергетикасы, электр энергетикасы және реттеліп көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 8 шілдедегі №121-VII Заңына (бұдан әрі - Заң) енгізілген өзгерістерге сәйкес «Астанаэнергосбыт» ЖШС 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап электрмен жабдықтау қызметін тоқтатады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы «Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптары нормаларының шеңберінде «Астанаэнергосбыт» ЖШС 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап электрмен жабдықтау шартын бұзу туралы Сізді хабардар етеді.
Жоғарыда көрсетілген Қағидалардың 17-тармағына сәйкес электрмен жабдықтауды үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында Сізге белгіленген мерзімге дейін «Астана – Аймақтық электр желілері компаниясы» АҚ-пен электрмен жабдықтау шартын (немесе электрмен жабдықтаудың бұрыңғы шарты бойынша құқықтар мен міндеттердің өтуі туралы келісім) жасасуды ұсынамыз.