Тарифтер
Құрметті тұтынушылар!
2023 жылғы 1 тамыздан бастап жылу энергиясын жүзеге асырудың шекті деңгейінің тарифтері өзгертілгенін Сіздің назарыңызға жеткіземіз.
Жеке тұлғалар үшін
- жылу энергиясымен жабдықтау бойынша орташа тариф – 3 097,00 теңге/Гкал (ҚҚС есебімен)
Жылу энергиясымен жабдықтау бойынша сараланған тарифтер:
- есепке алу құралдарымен – 3 089,40 теңге/Гкал (ҚҚС есебімен);
- есептеу құралдарынсыз – 3 716,41 теңге/Гкал (ҚҚС есебімен);
- жылу энергиясын есептеудің үйге ортақ есептеу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық тұрғын үй-жайларында, барак типтегі үйлерде орналасқан – 3 097,00 теңге/Гкал (ҚҚС есебімен).
Өзге тұтынушылар үшін
- жылу энергиясымен жабдықтау бойынша орташа тариф – 5 646,66 теңге/Гкал (ҚҚС есебінсіз)
жылу энергиясымен жабдықтау бойынша сараланған тарифтер:
- есепке алу құралдарымен – 5 595,85 теңге/Гкал (ҚҚС есебінсіз);
- есепке алу құралдарынсыз – 7 340,66 теңге/Гкал (ҚҚС есебінсіз);
- жылу энергиясын есептеудің үйге ортақ есептеу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық тұрғын үй-жайларында, барак типтегі үйлерде орналасқан – 5 646,66 теңге/Гкал (ҚҚС есебінсіз).
Негіздеме: ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Астана қаласы бойынша ТМРКД 18.07.2023 жылғы № 47-НҚ бұйрығы.
Құрметті тұтынушы!
«Астанаэнергосбыт» ЖШС 2023 жылғы 1 шілдеден бастап тұтыну көлеміне байланысты тұтынушылар топтары бойынша электр энергиясына сараланған тарифтердің өзгертілгенін хабарлайды.Электр энергиясына келесі тарифтер белгіленді:
Орташа босату тарифі:
- жеке тұлғалар үшін – 19,28 теңге/кВтсағ (ҚҚС есебімен);
Электр плиталарын пайдаланатын жеке тұлғалардың электр энергиясын тұтыну көлеміне байланысты электр энергиясына сараланған тарифтер:
• ең төменгі тариф (90 кВт/сағ дейін) – 14,66 теңге/кВтсағ (ҚҚС есебімен );
• орташа тариф (90-нан бастап 180 кВтсағ. дейін) – 24,56 теңге/кВт/сағ (ҚҚС есебімен);
• ең жоғарғы тариф (180 кВт/сағ бастап және одан жоғары) – 30,64 теңге/кВтсағ (ҚҚС есебімен).
Электр плиталарын пайдаланбайтын жеке тұлғалардың электр энергиясын тұтыну көлеміне байланысты электр энергиясына сараланған тарифтер:
• ең төменгі тариф (70 кВт/сағ дейін) – 16,46 теңге/кВтсағ (ҚҚС есебімен);
• орташа тариф (70-тен бастап 140 кВтсағ. дейін) – 26,24 теңге/кВт/сағ (ҚҚС есебімен );
• ең жоғарғы тариф (140 кВт/сағ бастап және одан жоғары) – 32,78 теңге/кВтсағ (ҚҚС есебімен).
Негіздеме: «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» РМК-ның электр энергиясына тарифтердің өзгеруі туралы 2023 жылғы 30 маусымдағы №03-14/843 шығыс өтініші.