Тарифтер
Жылу энергиясының тарифтері
Құрметті тұтынушылар!
«Астанаэнергосбыт» ЖШС ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап жылу энергиясына тарифті төмендетті.
«Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның жылу энергиясымен жабдықтауға (жылыту және ыстық сумен жабдықтау) тарифтің құрылымы «Астана-Энергия» АҚ-тан жылу энергиясын сатып алу шығындарының 97%-ын және жылу энергиясын тұтынушыға беру қызметтерінің шығындарын құрайды. «Астана-Теплотранзит» АҚ желілері бойынша жылу энергиясын беру қызметі құнының төмендеуіне байланысты және «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының» 610-тармағын басшылыққа ала отырып, «Астанаэнергосбыт» ЖШС жылу энергиясымен жабдықтауға тарифті 2024 жылғы 1 сәуірден бастап төмендетті. Бұл тариф ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін әрекет етеді.
Жеке тұлғалар үшін
- жылу энергиясымен жабдықтау бойынша орташа тариф – 3 566,37 теңге/Гкал (ҚҚС есебімен)
жылу энергиясымен жабдықтау бойынша сараланған тарифтер:
- жылу энергиясын есептеу аспаптармен – 3 557,60 теңге/Гкал (ҚҚС есебімен);
- жылу энергиясын есептеу аспаптарсыз – 4 279,64 теңге/Гкал (ҚҚС есебімен);
- жылу энергиясын есептеудің үйге ортақ есептеу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық тұрғын үй-жайларында, барак типтегі үйлерде орналасқан – 3 566,37 теңге/Гкал (ҚҚС есебімен).
Құрметті тұтынушылар! Тарифтің өзгеруі 2024 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енеді және ағымдағы жылдың мамыр айында төлем түбіртегінде көрсетіледі (2024 жылғы сәуірде көрсетілген қызметтер үшін).
Құрметті тұтынушылар!
Уәкілетті орган 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап бекітілген «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның электр энергиясын өткізуге тарифін қолданысқа енгізуді уақытша тоқтатқанын хабарлаймыз. Осыған байланысты ақпан айында тұтынылған электр энергиясына есептеу бұрынғы, яғни 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданыстағы тарифтер бойынша жүргізіледі.