Тарифтер
Құрметті тұтынушылар!
2021 жылғы желтоқсанда "ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша Департаменті" РММ "Астанаэнергосбыт" ЖШС атына жеке және заңды тұлғалар бойынша 01.01.2022 ж. бастап жылу энергиясы бойынша тарифтердің өзгеруі туралы дәлелді қорытынды жіберді.
Жылу энергиясына келесі тарифтер белгіленді:
Жеке тұлғалар үшін
- жылу энергиясымен жабдықтау бойынша орташа тариф – 2 580,84 теңге/Гкал (ҚҚС есебімен)
жылу энергиясымен жабдықтау бойынша сараланған тарифтер:
- жылу энергиясын есептеу құрылғыларымен – 2 574,50 теңге/Гкал (ҚҚС есебімен);
- жылу энергиясын есептеу құрылғыларысыз – 3 097,00 теңге/Гкал (ҚҚС есебімен);
- жылу энергиясын есептеудің үйге ортақ есептеу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық тұрғын үй-жайларында, барак типтегі үйлерде орналасқан – 2 580,84 теңге/Гкал (ҚҚС есебімен).
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитеті халық үшін тарифті 2021 жылғы желтоқсан деңгейінде сақтай отырып, 01.01.2022 ж.бастап 30.06.2022 ж. дейін 180 күн мерзімге халық үшін реттелетін коммуналдық қызметтерге, оның ішінде жылумен жабдықтауға тарифтерді арттыруға мораторий енгізді.
06.01.2022 ж. КРЕМ Департаментінің хабарламасына сәйкес, ҚР Премьер-Министрінің м. а. төрағалығымен Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі хаттамалық Кеңес негізінде тарифтердің өзгеруі 01.01.2022 ж. бастап 01.07.2022 ж. ауыстырылды.
Құрметті тұтынушылар!
2021 жылдың 1 сәуірінен бастап электр энергиясына тарифтерінің, оны тұтыну көлеміне қарай өзгеруіне байланысты, 2021 жылдың мамыр айындағы есеп-хабарламасынан, 2021 жылдың сәуірінде тұтынылған энергия ресурстары үшін есептеумен қалыптастырылған «ағымдағы кезең үшін есептелді» бағанында есептеулер тек жаңадан енгізілген тарифтер бойынша ғана көрсетіледі. «Қайта есептеу» бағанында 2021 жылдың 31 наурызына дейінгі жүргізілген есептеу, 2020 жылдың 15 тамыздан бастап бекітілген және қолданыста болған тарифтер бойынша есептелген есептеулер көрсетіледі. 2021 жылдың сәуір айына есептеле отырып, хабарлама-шотында тұтынушыға ұсынылған «ақы төлеу» сомасы екі құрауыштан құралады: «есептелді» бағаны және «қайта есептеу» бағаны.